FC ZHETYSU

Жаңалықтар

АЛМАТ БЕКБАЕВ: «ОСЫ МАУСЫМДЫ ӨЗ АКТИВІМІЗГЕ ЖАЗАМЫЗ»
10 Қараша, 2019
АЛМАТ БЕКБАЕВ: «ОСЫ МАУСЫМДЫ ӨЗ АКТИВІМІЗГЕ ЖАЗАМЫЗ»
«Жетісу» қақпашысы Алмат Бекбаев «Шахтер» командасымен болған кездесу туралы пікір білдірді:

 -Бірінші кезең біз үшін қиын болды. Допты бақылауымыздан шығарып алдық. Команда ойынында бір сүреңсіздік болды, бұл өз кезегінже соңғы ойын болғаннан кейін босаңсығандықтан болар. Алғашқы кезеңді ұтылдық десе де болады. Алайда екінші кезеңде басымдықты өз қолымызға алып, есепті теңестіріп, қана қоймай, алға шықтық, бірақ сонда да бұл біздің үздік ойынымыз болмады. Ең бастысы біз жеңдік. Бұл өте маңызды еді, себебі, соңғы екі матчты біз тең ойын көрсеткішімен аяқтаған едік. Ал осы соңғы матчты тамаша көрсеткішкен аяқтап, жанкүйерлерімізді қуантайық деген ой болған. Ал маусым туралы айтар болсақ, біз үшін сәтті болды, кей сәттерде сүреңсіз болған кездерде болды, жалпы алғанда сәтті болды. «Астана» мен «Қайрат» сынды азулы командаларын бір реттен жеңідік те. Өкінішке орай «Ордабасы» мен «Тобыл» командасын жеңе алмай қалдық. Оған қарамастан жақсы орынға ие болдық. Келесі жілі одан дажақсы орындарға қол жеткіземіз деген ойдамын. Осы маусымды өз жетістіктеріміздің тізіміне енгізіп қоюға болады. Өз басым ризамын, жігіттерге де алғысымды айтамын. Біз аз гол жіберуші командалары қатарына ендік. Тіпті қорғанысы мығым команда болдық та. Маусым үшін рахмет. 
 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru