FC ZHETYSU

Жаңалықтар

«ФУТБОЛ САБАҒЫ»
21 Мамыр, 2018
«ФУТБОЛ САБАҒЫ»
Бүгін Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жетісу» футбол клубының қатысуымен Талдықорған қаласының № 12 орта мектебінде «футбол сабағы» өткізілді.

 Аталған шараға «Жетісу» кәсіпқой футбол клубының ойыншылары Андрей Шабанов, Андрей Харабара, Темірлан Әділханов және Жакып Қожамберді сабақ беруші мамандар ретінде қатысты.
Шара аясында 7 сынып оқушыларына футбол спортының қыр сырын, теориясы мен кәсіби түрде жаттығу әдістері тұрғысында жаттығу сабақтары жүргізілді. Сонымен қатар кәсіби футболшылар 7 сынып оқушыларын екі топқа бөліп, футбол ойынын өткізді. Екі топқа бөлінген командаларға кәсіби футболшылар да бөілініп, оқушылармен бірге өнер көрсетті. Ойын барысында доп тебу, доп тосу, пас беру секілді шеберлік әдістерін оқушыларға көрсетіп отыр.
Шеберлік сыныбы соңында футболшылар мен оқушылар қол алысып, естелік фото суретке түсті. Футбол клубы атынан оқушылар мен ұстаздарға «Жетісу» футбол клубының логотипі бейнеленген естелік сыйлығын табыстады. 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru