FC ZHETYSU

Жаңалықтар

ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІ
6 Маусым, 2018
ФУТБОЛ ФЕСТИВАЛІ
«Жетісу» КФК ұйымдастыруымен «Жетісу» орталық стадионында футбол фестивальі өткізілді.

 Аталған шараға «Жетісу» КФК Футбол орталығының тәрбиеленушілері, Бірінші лига ойыншылары, бапкерлер мен арнайы қонақтар қатысты.
Фустваль барысында футбол орталығының тәрбиеленушілерінің көрсетілімі қойылды, сонымен қатар, «Жетісу» командасының Бірінші лига ойыншылары мен футбол орталығының тәрбиеленуші балаларымен араласқан команда арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. 
Ұсынылған жаттығу барысында балалар мен олардың ата-аналары футбол орталығының инфрақұрылымы, оқу жағдайы және жаттығу түрлерімен, бапкерлермен танысты. Алдынала іріктеуден өткен балаларға арнайы футбол орталығының ресми формасы табысталды.
Облыстық спорт басқармасының бастығы Тұратбек Чарапиев құттықтау сөзінде футбол орталықтарының осындай шаралары балалар мен олардың ата аналарына футбол спорты туралы жақынырақ түсініп, болашақта спорттың қай түрімен айналысатынына бағыт беруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай ақ, бұл футбол орталығы балалардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалып, болашақта білікті футбол маманы болып шығатынына сенім білдірді.

 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru