FC ZHETYSU

Жаңалықтар

МЕРЕЙТОЙЫ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАУ!
24 Шілде, 2018
МЕРЕЙТОЙЫ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАУ!
«Жетісу» ФК Футбол орталығының балалар бапкері Виктор Степанович Магай 70 жасқа толды.

 Виктор Степанович 40 жылдан астам уақыт бойы балалар бапкерлігімен айналасып, көптеген жылдар бойы Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет атқарған. «Жетісу» ФК құрамында және Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен белді футболшыларды дайындап, кәсіби деңгейге жеткізген ұстаз. Оның белді шәкірттерінің бірі Серикжан Мужиков и Алексей Щеткин және т.б. Жасына қарамастан соңғы бес жыолдан бері Виктор Степанович «Жетісу КФК қарасты Футбол орталығында кіші топтағы балалар командасына бапкерлік қызмет атқарып, әлі де ширақ белсенді еңбек ету үстінде.

Балалар және жасөспірімдер футболына ерекше еңбек сіңірген қызметі үшін «Жетісу» КФК Директоры С.Мұқанов ұжым алдында құрмет граматосымен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың құрмет грамотасы мен Қазақстан Футбол федерациясының құрмет грамаотасы табысталды.

Кәсіби бапкер Виктор Степановичқа ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілейміз!

 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru