FC ZHETYSU

Жаңалықтар

Айбар Жақсылықов: «Мен үшін үлкен футбол енді басталды»
12 Наурыз, 2019
Айбар Жақсылықов: «Мен үшін үлкен футбол енді басталды»
Кеше «Жетісу» ФК сапында өзінің алғашқы ресми матчын өткізіп гол соққан Айбар Жақсылықов Prosports.kz тілшісіне сұқбат берді.

 - Айбар, «Жетісу» сапындағы бірінші голыңыз құтты болғай. Соңғы минуттарда алаңға шықсаңыз да көзге түсіп үлгердіңіз. Әсеріңізбен бөліссеңіз енді...
- Ойыннан керемет әсер алдым. Маған сенім артқан бапкерлерге рақмет. Шынымды айтсам осы сәтті ұзақ күттім. Мен үшін үлкен футбол енді басталды.
- Абылайхан Махамбетов та өзінің дебюттік голын соқты, ол жігіт те қанаттанып қалды ма?
- Әрине, қуанышында шек жоқ.
- Биылғы маусымға команда басшылығы қандай мақсат қойып отыр? Бірінші алтылықта тұрақтау ма, әлде «Астана» мен «Қайратты» жоғарыдан ысыру ма?
- Еурокубок турниріне қатысқымыз келеді. Минимум 4-ші орын алуды көздейміз.
- Сіз Талдықорған тумасысыз, ҚПЛ-да өз өлкеңіз үшін "топить" етіп жүрген бақытты футболшысыз. Неге қазір командаларда жергілікті жас ойыншылар саны аз?
- Бұл сұраққа жүйелі түрде жауап бере алмаймын. Қиын. Бірақ дамуды байқап жатырмын. Мысалы біз жастардан құралған «Жетісу Б»-дан негізгіге іліндік. Былтырғы маусымда 13 гол соққам.
- Мықты көрсеткіш. Қазір өз алдыңызға қойған мақсатыңыз қандай?
- Осы, бірінші командада тұрақтап көп гол соғу, клубқа пайдамды тигізу.
- Соңғы сұрақ, «Жетісу Б»-дан ауысқан соң жалақыңыз қаншалықты жақсарды?
- «Жетісу Б»-да аса көп болған жоқ айлық. Бірақ, сол сомаға 50% қосылды, жасырмаймын. @zhaksylykov_aibar
Prosports
 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru