FC ZHETYSU

Жаңалықтар

«ЖЕТІСУ-М» - «ТАРАЗ-М» - 4:1
26 Шілде, 2019
«ЖЕТІСУ-М» - «ТАРАЗ-М» - 4:1
Екінші лига командаларының 19 туры ойындарының бірі Талдықорғанда өтті.

 «Жетісу-М» жастар командасы Тараздық жастар командасын өз алаңында қабылдады. Алғашқы кезеңнің алғашқы бөлігі қарсылас команданың оң жақ қапталдан жасалған шабуылы сәтті орындалып, есеп ашқан еді. Гол авторы Әділет Омарбек. Алғашқы кезеңнің соңғы минутында өрескел ойыны үшін Төреші «Тараз» командасының қақпашысын ойыннан шеттетті. Оның орнын қосалқы құрамдағы қақпашы ауыстырған. Матчтың екінші кезеңінің 10-шы минутында «Жетісу-М» командасының капитаны Дархан Мырзахметов алаңнан қуылды. Команда азшылық құрамда болсада қарсыластар қақпасының маңында қауіпте сәттер туындатты. Соққы жасалған доп қақпа бағаны мен маңдайшаларына тигізді. Жетісулық команда бапкерінің ойыншыларды ауыстыруы өз нәтижесін беріп, матч аяқталуына 10 миніт қалғанда Нурбол Нурберген 11 метрлік айып добын сәтті орындап есепті теңестірген. Одан кейінде жетісулықтарнәтижелі шабуылдар ұйымдастырып, сәтті ойын өрнегін көрсетті. Соғылған гол авторлары Равиль Атыханов (екі гол), Елдос Маратов. Қорытынды есеп 4:1. «Жетісу-М» командасы сенімді түрде жеңіске жетті.

 

Біздің ақпараттық серіктестеріміз

© 2011-2019 Футбол клубы «Жетісу» Талдықорған
Сайт мәліметін пайдалануда авторға сілтеумен дерекнамаға сілтеме міндетті
© 2011-2019 Сайтты қолдау:
СИА «SPORTS.KZ»
Рейтинг@Mail.ru